Ел аумағында төтенше жағдай уақытында қауіпсіздік мақсатында қашықтықтан жұмыс жүргізу шаралары қолға алынған.

Осы орайда, 2020 жылдың 19 наурызында Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте бірқатар мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істері бейнеконференцбайланыс арқылы қаралды.

Атап айтқанда, Шардара ауданының Қызылқұм, Ұзын-ата, Қоссейіт ауылдық округ әкімдері мемлекеттік сатып алу кезінде өзге әлеуетті өнім берушілердің жеңімпаз болуына жағдай жасап, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, оларға «ҚЫЗМЕТКЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі азаматтармен сөйлесу барысында мемлекеттік қызметшіге тән емес дөрекі сөздерді сөйлеп, Әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін, аталған лауазымды тұлғаға «СӨГІС» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Атап өту қажет, Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарында 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметшілер болса, оның ішінде 181 ауылдық округ әкімдері болып табылады.