Республиканың ірі қалаларындағы валюта айырбастау пунктерінде бірнеше сағат ішінде доллар бағамы 405 теңгеден 450 теңгеге дейін шарықтады
Дүйсенбі, 16 наурыз күні теңге күрт құлдырап кетті. Айырбастау пунктерінде доллар 440-450 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
kurs.kz соңғы мәліметінше, Алматының айырбастау пунктерінде доллар 440 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы 425 теңге шамасында.
Ал Нұр-Сұлтанның кейбір пунктерінде доллар бағамы 450 теңгеге дейін жетті. Ақша айырбастау орындарының көпшілігі америкалық валютаны сатуды тоқтатқан.
Америкалық валютаның орташа бағамы 424 теңгені құрап отыр.