Ұялы байланыс қызметі, интернет бағасы қымбаттады

25
фото kursiv.media

Ел аумағында ұялы байланыс қызметі қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, отандық байланыс операторлары ақпан айында, қызмет ақысын бірден 6,2 пайызға  өсірген.

Ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тарифтің қымбаттуы 12,4 процентті құрап отыр. Сондай-ақ елде интернет бағасы да қымбаттады. Бір жылдың ішінде интернет тарифтерінің құны 3,5 пайызға артқан.