Келес АПБ — ға «Ватцап» мессенджері арқылы бейтаныс тұлғалар коронавирусты жұқтырған деген секілді Келес ауданының тұрғыны туралы жалған ақпарат таратылып жатқаны бойынша хабарлама келіп түсті.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігі «көрінеу жалған ақпарат тарату»бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Тексеру барысында белгілі болғандай, желіде таралған аудиохабарламадағы әйел 10.03.2020 ж Мәскеу-Шымкент рейсімен Германиядан ұшып келді. Әуежайда оны медицина қызметкерлері қарсы алып, Шымкент қаласындағы пәтеріне үй жағдайындағы карантинге жатқызған. Қазіргі уақытта әйел амбулаториялық ем қабылдауда. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.

Өз кезегінде жәбірленуші акушер-гинеколог полицияға жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдірді.

Осылайша 18.03.2020 ж. жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Келес АПБ-ның полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті өз әрекетін толық мойындап, қылмыс жасағанына өкініп отыр.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Күдікті қолхатта.