Шымкентте мармелад шығарылады

197

Шымкентте жаңа өндіріс іске қосылды. Жоба қалалық әкімдіктің қолдауымен жүзеге аса бастады.

Жергілікті кондитерлік фабрика мен қала әкімдігі арасындағы меморондум аясында жұмысын бастаған цех мармелад шығарады. Жаңа желі сағатына 1 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Онда 80 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Соңғы кездері тәттісі аз кондитерлік тауарларға сұраныс зор дейді мамандар. Отандық тауарға әлден шетелдіктер де тапсырыс беріп отыр екен. Тапсырыс мөлшері артып, өндіріс қарқыны ұлғайғанда жұмысшылар екі-үш ауысымда жұмыс істейтін болады, дейді қала әкімінің орынбасары.

Мақсұт Исақов, Шымкент қаласы әкімнің орынбасары: «Мемлекеттік қолдау ретінде 90 млн. теңгелей көмек көрсетілді. Несиелерді рәсімдеу мәселесі бойынша. 80 жұмыс орны ашылып отыр. Біздің қуантып отырғаны осы».

Былтыр 20 мың тонна өнім шағарған кәсіпорын 30 түрлі кондитерлік өнім шығарады. Нарықта бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания өнімі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қытай елдеріне де экспортталады. Компания басшылары өнім ассортиментін арттыруды көздеп отыр.

Мақпал Рысбаева