Шымкентте бұдан былай медициналық қорғаныс құралдарының бағасы тұрақты болады. 4 қабат маска — 110, 8 қабат — 1306 ал, 16 қабаттысы -200 теңгеден сатылымға шығады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Қаладағы тігін фабрикалары бір реттік емес, жуып, үтіктеп бірнеше рет қайта пайдалануға болатын қорғаныс құралдарын шығарып жатыр. Тігіншілер сұранысты қанағаттандыру мақсатында екі ауысыммен күндіз-түні жұмыс істеуге кіріскен.

Билік өкілдері қазір күн санап сұранысы артып отырған өнімдерді шығаруға жұмылдырылған кәсіпкерлік нысандарды қолдау үшін тиісті шаралардың барлығын жүзеге асырып жатырмыз дейді.

Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Кәсіпорындар медициналық қорғаныс құралдарын шығару мақсатында 3 бағытта жұміс істеп тұр. Қажетті шикізаттармен қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл тапшылықты болдырмау үшін және бағаны ұстап тұру үшін жасалып отырған шаралар».

Мақпал Рысбаева