Түркістан: Кеден бекеттеріндегі тепловизорлар коронавирусты анықтайды

67

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің кеден бекеттерінде төтенше жағдайдың жаңа деңгейінің жариялануына (коронавирус) байланысты жоғары деңгейдегі сақтық шаралары қабылданды.

Атап айтқанда, барлық қызметкерлер бір реттік медициналық маскалармен қамтамасыз етілген. Барлық өткізу пункттерінде санитариялық бақылауды күшейту мақсатында бекеттерге жергілікті аудандық санитариялық бақылау мамандары жұмылдырылып, мамандар тәулік бойы қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, әр өткізу пункттерде адамдардың дене қызуын қашықтықтан өлшейтін 3 дана құрылғы (тепловизор) жұмыс істеуде. Жалпы облыстағы барлық өткізу пункттерінде 15 дана тепловизорлық бейне-камералар және қосымша 3 дана қолмен өлшеу құрылғысы бар. Бұл «Karina.R.KZ» деп аталатын жүйе толығымен автоматтандырылған. Дене қызуы көтеріңкі азаматтарды 15 метр қашықтықтан бірден анықтайды. Оны маман арнайы экраннан толық қадағалап отырады.

Егер де жеке тұлғадан дене қызуы анықталған жағдайда, тепловизорлық камерелар дабыл беріп, шара қабылдау үшін медицина қызметкерлеріне дереу хабарланады.
Ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 6 наурыз аралығында Түркістан облысы бойынша МКД өткізу пункттерінен Қазақстан Республикасына 619 320 жеке тұлға кірген, олардан жеке тұлғалардын дене қызуы анықталмаған.