Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден бекеттері ашылды

65

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы кеден бекеттері ашылып, екі ел азаматтарының өзара барыс-келісіне рұқсат берілді.

Қаңтар айында көрші мемлекеттер коронавирустың омикрон штамының қайта өршуіне байланысты шекараларын толық жапқан болатын. Тек әуе жолдарымен қатынау мүмкіндігі қалған. Енді шектеулер алынып тасталды.

Екі ел автобус қатынасын да жандандырды. Бұдан былай Ташкенттен Алматы, Шымкент, Қызылорда және Нұр-Сұлтан бағыттарына рейстер орындалады. Дегенмен, әзірге шекарашылар тарапынан уақытша кедергілердің туындап жатқаны анық. Мамандар арадағы қатынас бірер күнде жолға қойылады деп сендірді.

Шынар Оразова