Түркістан облысының дәрігерлері коронавирустың бетін қайтаруға дайын

111

 

Covid-19 инфекциясымен күрес күшейтілді. Қауіпті дертті анықтап, онымен күресуге дәрігерлер де дайын. Бірнеше рет дайындық курстарынан өткен Түркістан облысының медицина қызметкерлерімен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесті. Сайрам аудандық орталық аурухананың қызметкерлері аймақ басшысына бүкіл болжамды жұмыстарын таныстырды.

Жақын күндері пайдаланымға берілетін жаңа емхананы аралап, бүгінгі күнгі диагностика қоры мен оқшаулау, резервті төсек-орындарды тексеріп көрді. Емдеу мекемесі жоспар бойынша күніне 500 келушіге есептелген.

Әлемді дүрбелеңге салған пандемиялық індет өңірде белең алған жағдайда жаңа ғимарат 100 төсек орындық обсервациялық госпиталь ретінде қызмет көрсетеді. Медициналық мекеме тиісті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етіліп, жасақталған 4 бригада мамандары сақадай сай.

Аудандық аурухананың дәрігерлері Ақсукент ауылында орналасқан «Манкент» темір жол стансасында да күндіз-түні қызмет арқаруда. Олар арнайы құрылғы арқылы жолаушылардың дене қызуын өлшеп, дәрігерлік тексеру жүргізеді.