Түзету мекемесіндегілер бетперде тігуде

249

Елдегі COVID-19 коронавирустық пандемиясының таралуына байланысты маска тапшылығын болдырмау мақсатында бетперделер тігілуде. Осындай игі шараны Төлеби ауданында орналасқан Ич167/9 колониясының жазасын өтеушілері де қолдауда.

Шахта Тоғыс аумағында орналасқан аталмыш мекеме жалпы 15 мың бетперде тігуді қолға алды. 25 тігін машинкасы жұмылдырылған ауқымды шаруада тәулігіне 2 мың дана бет жапқыш тігілетін болады. Бүгінде 400-ден астам бетперде дайын.