Шымкентте бетперде киген адам жанармай құю бекетін тонап кетті

23

Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды. Оқиға Қ.Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында орын алған, – деп хабарлайды ОТЫРАР.

Желтоқсанның 3-і күні сағат 04:30 шамасында бетперде киген адам пышақпен  қорқытып, жанармай құю бекетінің кассасындағы ақшаны алып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен күдікті ұсталды. Ер адам таксиге отырып қашпақ болған.

Жанармай құю бекетін тонаған күдікті Шымкент қаласы ДПП Қаратау аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.