«Жигулидің» төбесіне жолаушы мінгізіп алған

99
Жигули

Желіні шулатқан «Жигули» жүргізушісіне айыппұл салынды.

«ВАЗ-2107» автокөлігін тізгіндеген азамат қас қарайған уақытта көлігінің үстіне бірнеше адамды отырғызып, тас жолмен жүргені көптің көзіне түсіп қалған. Соңынан ере жүрген автокөлік ішіндегілер бұл көріністі видеоға түсіріп алған.

Көп ұзамай, бейнетаспа кейіпкерлері мен жүргізушісі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Соңынан, бұл бейнені Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тексеріп, «Жигулидің» иесі Ордабасы ауданының тұрғыны екендігін анықтады.

Қазіргі уақытта бұл заңсыз әрекетке жол берген жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылыпты.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: «Оған қатысты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 593-бабы — «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау» бойынша тіркеп, заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды».

Мөлдір Бекеева