Тәртіп сақшыларының бұйрығына бағынбап еді…

«Көмеш бұлақ» базарының маңынан жолаушы алған жүргізушіні жол-патрульдік полициясының қызметкерлері тоқтатқан болатын. Бірақ «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі тоқта деген бұйрықты ескермей жүріп кете берген.

Тәртіп сақшыларының бағынғысы келмеген жүргізушіні соңынан жүріп отырып 781 автоэкипаж қызметкерлері Забадам көпірінің астында тоқатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында біраз былықтары белгілі болды.

Анықталған кемшіліктерді естіген жүргізуші есінен айырылып қала жаздады. Тіпті оқиға басына жедел жәрдем қызметкерлері де шақыртылды. Дәрігерлер жүргізушінің қан қысымын тексеріп бір қалыпты деген қорытынды шығарды. Жедел жәрдем бригадасына жүргізуші өзін ауруханаға әкетуін сұранды. Бірақ ақ халаттылар себепсіз ауруханаға жеткізе алмайтындарын түсіндірді.

Не керек соңында жүргізушінің автокөлігін эвакуатордың көмегімен айыптұраққа әкетілді. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшыларының іс әрекетімен келіспейтін болса жүргізуші сотқа шағымдануға құқылы.