Елімізде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады екен. Оның 36 мыңнан астамы Шымкентте тіркелген.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласына жауаптылардың айтуына қарағанда жылдан-жылға кемтар жандардың қатары көбейіп келеді. Тиісінше бұл санаттағы қызметтерге жүгінетіндер көп.
Төтенше жағдай кезінде тұрғындар әлеуметтік төлемдер бойынша сауалдарын 32-46-95, 47-84-43, 32-63-24 телефондарына, мүгедектіктікті белгілеу бойынша 32-14-32, 32-48-66 телефон нөмірлеріне хабараласып біле алады.
Мақпал Рысбаева