Түркістан облысының делегациясы Қытайға іс сапармен барды

43

Түскістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Онда облыстан барған делегация ірі компаниялар жұмысымен танысты.

Мақсаты – халықаралық тәжірибе жинап, өз өңірімізде жүзеге асыру. Кездесу барысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі талқыланды. Сонымен қатар автомобиль жасау, электроника, цифрлық технологиялар, робототехника, пластмассадан жасалған бұйымдар мен ойыншықтарды дамыту бойынша жобалар қаралды.

Сонымен қатар, делегация Түркістанда жұмысын тоқтатқан «Golden Camel Group LTD» компаниясының басшылығымен кездесіп, құрғатылған түйе сүтін шығару істін қайта жаңғырту бойынша келіссөздер жүргізді. Алда Қытаймен бірлескен бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.