Қазақстанда коронавирус анықталған адам саны 662-ге жетті

86
Коронавирус

Қазақстанда 6 сəуір, сағат 23:20-дағы ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 662-ге жетті, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 адам тіркелді, олардың ішінде Жамбыл облысы – 5, Қызылорда облысы – 5, Түркістан облысы – 1 адам анықталған.

Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 662 жағдай тіркелген: Нұр-Сұлтан қ. – 221, Алматы қ. – 119, Қызылорда облысы – 50, Қарағанды облысы – 48, Ақмола облысы – 42, Жамбыл облысы – 40, Түркістан облысы – 33, Атырау облысы – 29, СҚО – 25, Шымкент қ. – 19, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, ШҚО – 6, Маңғыстау облысы – 5. БҚО – 2, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1.