Шымкентте 12 мыңнан астам тұрғын коммуналдық қызмет төлемдеріне қатысты жеңілдіктерге өтініш берген. Жергілікті халықтың бұл қолдауға электронды түрде өтінім беруіне жағдай жасалып отыр.

Төлемді алу үшін тұтынушы communal-komek.kz электронды порталына кіріп, жеке деректерін енгізсе, жеткілікті. Жауапты мамандар мәліметтерді растаған жағдайда абоненттің дербес шотына қаржы аударады. Бұл көмек сәуір және мамыр айларын қамтиды.

Мақпал Рысбаева