«Отырар» телеарнасының атынан жалған ақпарат таратушының жеке басы анықталды.

Шымкент қаласының тұрғыны Сапар Исақов кешірім сұрады. «Мен бұл ақпаратты өз парақшама орналастырдым, мен оны тексермедім! Шымкенттіктерден және бүкіл Қазақстан халқынан кешірім сұраймын! Мені кешіріңіздер және ақпаратты тексеріп алуды ұмытпаңыздар. Бұл ақпаратты мен WhatsApp-та алдым » деді Сапар Исақов.

Еске салайық, 03.04.2020 жылы әлеуметтік желілерде «Шымкентте коронавирусты жұқтырудың 58 жаңа жағдайы тіркелді, атап айтқанда Самал, Самал -1, Кайтпас-1, Қайтпас-2, Асар, Құрсай, Бозарық шағынаудандарында анықталды және 300-ден астам байланыста болған адамдар карантинге алынды» деген мақмұнда «Отырар» телеарнасының атынан жалған хабарлама пайда болған-тын.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері, бұл фактіні ЕДҚБ-да Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 274-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Прокуратура тергеуді бақылауға алды.