Шымкентте 200 орынды жедел инфекциялық госпиталь салу жоспарлануда

128

 

Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін жолдарға 18 блок-бекет қойылған. Онда 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) 3 кезекте жұмыс істеуде. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрмен, обаға қарсы 71 костюм жиынтығымен жабдықталған.

Шымкент қаласы бойынша қажет төсек-орындар, госпитальдар толық дайын. Нақтырақ айтқанда, қалада барлығы 680 төсек-орынға арналған провизорлық стационарлар бар (қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 180 төсек, «Мейірім» оңалту орталығы — 120 төсек, «Атамекен» медициналық орталығы — 380 төсек).

1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Сондай-ақ, бүгінгі күні 200 төсек-орынды жедел салынатын инфекциялық госпиталь салу мәселесі қарастырылуда.