Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығы мерекелену бойынша бір жолғы әлеуметтік төлемдер.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановтың 2020 жылдың 19 наурыз айындағы тапсырмасына сәйкес, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №239 қаулысына өзгеріс енгізіліп, жергілікті бюджеті есебінен ардагерлерге:
40 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi 360 АЕК (1 000 000 теңге, барлығы 40,0 млн.теңге);
3851 Тыл ардагерге 12 АЕК (33 336 теңге);
1490 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер 36 АЕК (100 000 теңге);
31 қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК (33 336 теңге);
224 қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК (33 336 теңге);
5 Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға – 23 АЕК (63 894 теңгеден);
346 бұрынғы КСРО қорғау кезінде жаралануына, контузия алуына, жарақат алуы немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге – 38 АЕК (105 564 теңгеден, барлығы 36,5 млн.теңге) беріледі.