16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар 42 500 теңгені екінші рет алады

119

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші төлемге 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар үміткер бола алады. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат

Төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілді. Төлемді есептеу үшін бірінші ай — 16 наурыз бен 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай — 16 сәуірден 11 мамырға дейін. «Осыған байланысты 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақы тағайындау қашан жасалғанына қарамастан) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады» делінген хабарламада.