Бір түбіртек – барлық коммуналды төлем

16

Енді коммуналды төлемдер бір түбіртекке жиналады.

Бұл өзгеріс ҚР Индустрия және құрылыс министрінің «Бірыңғай төлем құжаты» туралы №17-інші бұйрығына сай жүзеге асады. Және әр көпқабатты үй жеке қызмет көрсету мекемесін таңдай алады. Осы бағытта түсіндіру жұмысы жүріп жатыр.

«Реформаның түбегейлі мақсаты – өз үйіңнің басқару формасын құр, өз үйіңнің 1 басшысын сайла. Содан соң оған басқаруға мүмкіндік бер. Өздеріне қолайлы қызмет көрсететін мекемені таңдап, қаражатты өз үйлеріңнің шотында сақтап, нақты тұтынған қызметтерге ғана ақшаны бөліп бер деген түсінікпен жұмыс жасалып жатыр» – дейді ҚР Тұрғын үй заңнамасын реформалау комитетінің мүшесі Жұмабек Исмаилов.