42 500 теңгеге өтініш беру тоқтатылды

262
фото Tengrinews

 

42500 теңгеге өтініш беру тоқтатылды. Ал 11 мамырға дейінгі тапсырылған өтініш міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді.

Айта кетейік, осыған дейін бас-аяғы 4 млн. 539 мың адамға жәрдемақы төленген. Төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін 3 млн. 735 мың адам өтініш берген. Осы адамдар екінші айға да төлем алуға құқылы. Ведомство басшысы мамыр айының басында төлемдерді іске асыра бастадық дейді.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: «Бұл төлем қалғандарына да берілетін болады. 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталды, сондықтан бүгіннен бастап 42 500 теңгеге қатысты өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Ал 11 мамырға дейінгі өткізілген өтініштер міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса тағайындалып, төленетін болады».

Мақпал Рысбаева