Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

591

Шымкент қаласының Бас
мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің қаулыларына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу және карантин
кезеңінде нысандардың
жұмысын қайта бастау туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (әрі қарай – №37 ҚР БМСДҚ) қаулысына, 2020 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №38 БМСДҚ «2020 жылғы 22 мамырдағы №37 БМСДҚ-на толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің» (әрі қарай – №38 ҚР БМСДҚ) қаулысына, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 мамырдағы отырысының (селекторлық режимде) хаттамасына сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары арасында COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 01 маусымынан бастап күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтаумен келесі нысандардың жұмысы қайта басталсын:

1) жаттығу залы, фитнес клубтар, сауналар, моншалар, SPA салондар №37 ҚР БМСДҚ-ның №8, № 42 қосымшаларына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);
2) көрермендердің қатысуынсыз спорттық және мәдени нысандар №37 ҚР БМСДҚ-ның №8 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып) және №37 ҚР БМСДҚ-ның №9 қосымшасына сәйкес;

3) ұжымдық, мерекелік және салтанатты іс-шараларды өткізбестен (құдалық, туылған күн, мерей тойлар және басқалар) 50 орынға дейін қоғамдық тамақтану орындары және жазғы алаңдар №37 ҚР БМСДҚ-ның №17 қосымшасына сәйкес;
4) топта 15 адамға дейін қосымша білім беру, оның ішінде мектептен тыс ұйымдары (дамыту орталығы, үйірмелер, курстар) №37 ҚР БМСДҚ-ның №40 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);
5) халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес;

6) автокөлік сататын және мал базарлары осы қаулының №2, №3 қосымшаларына сәйкес;
7) мектепке дейінгі ұйымдарда 20 баладан аспайтын (жасына қарай) кезекші топтар №37 ҚР БМСДҚ-ның №14 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);
8) теміржол вокзалы №37 ҚР БМСДҚ-ның №12 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерістерді ескере отырып).
2. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 02 маусымнан бастап күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтаумен автовокзалдар, автостанциялар жұмысын қайта бастасын №37 ҚР БМСДҚ-ның №8 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып).
3. Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтағы нысандар үшін жұмыс уақыты бөлек көрсетілген жағдайды қоспағанда сағат 06:00-ден сағат 21:00-ге дейін белгіленсін.
4. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.2020 жылғы №17 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 3 тармақтың 4 тармақшасының күші жойылсын;
2) 3 тармақтың 18 тармақшасының күші жойылсын;
3) 3 тармақтың 22 тармақшасының күші жойылсын;

5. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.05.2020 жылғы №18 қаулысына келесі өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 тармақтың 2 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «шектеусіз аулаларға, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға бетперделік режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
2) 3 тармақтың 2 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
«кинотеатрлардың, түнгі клубтар, сауда-ойын-сауық кешендері, орталықтары, үйлері жанындағы балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың, жұмсақ балмұздақ сататын нысандардың, жұмсақ балмұздақ жеткізіп беретін нысандарды қоспағанда, жәрменкелер;
3) 3 тармақтың 4 тармақшасының күші жойылсын;

4) 4 тармақ келесі тармақшамен толықтырылсын: «4) сауықтыру лагерлері оның ішінде мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істеуіне тыйым салынсын».
6. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына және аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшыларына:
1) жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық және санитариялық-карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) карантин кезінде қабылданған талаптарды орындамаған және кемшіліктер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шара көрілсін.
7. Шымкент қаласы әкіміне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына 2020 жылдың 1 маусымынан бастап регионаралық блок – посттар алынсын.
8. Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен Қаулының орындалуы міндетті.
9. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
10. Осы Қаулы 2020 жылғы 01 маусымынан бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев