Шымкент: Сауда базарлары жұмысын қайта бастады

624

 

Қаладағы сауда базарлары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмысын қайта бастады.

Ал машина және мал базарлары әзірге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты тоқтап тұр.

Базарларда қауіпсіздік шаралары қатаң талап етіліп, санитарлық жабдықтармен қамтылуда.

Осы ретте, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы сатушылар мен тұтынушылардан санитарлық нормаларды сақтап, жауапкершілікпен қарауларын сұрайды.