Сот Тоқтар Төлешовтың талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды

168

Сот «Шымкент Сыра» зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешовтың «Дархан Group» серіктестігіне қатысты арызын қанағаттантырусыз қалдырды.

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған кәсіпорынға қатысы бар Төлешов «Дархан Group» -тағы 2016-2017 жылдардағы ортақ жиналыстардың өзінен жасырын өткізілгенін айтып, арызданған болатын. Ол жиналыстарда «Шымкент сыра» зауытындағы 256 224 612 қарызын кешірген, сондай-ақ, қос жылжымайтын мүліктен — Шымкенттегі балабақша ғимараты мен Сарыағаштағы құрылысы жүрген жер телімінен айырған.

Істі қарау барысында 2016 жылы Тоқтар Төлешов бизнестегі серіктесіне ортақ жиналыстарға өзінің атынан қатысу құқығын бергені анықталды. Сот процесіне ол, яғни серіктестіктің екінші сенімдісі болған адам 3-ші тарап ретінде қатысты.

Бұдан бөлек, сот «жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік» заңына сүйене отырып, арызданушының бұл ортақ жиналысқа қатысты арызын кешеуілдетіп жазғанын құнттады. Яғни, бұл бойынша ол 6 айдің ішінде арыздануға мүмкіндігі болған.

Мөлдір Бекеева