Төлешовтің миллионға бағаланған жылқылары ипподромға өткізілді

769

Шымкентте бұрынғы сыра королі, қазіргі түрмеде жазасын өтеп жатқан Тоқтар Төлешовтен тәркіленген 24 жылқы Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне берілді, деп хабарлайды inform.kz.

Ипподром директоры Ғани Ахметбаевтың  айтуынша, сәйгүліктердің төртеуі асылтұқымды саналады. Оларды спорттың конкур түріне бейімдеп, түрлі жарыстарға қосу жоспарланып отыр. «Біз алдымен байқап көріп,  жаттығулар жүргізетін боламыз. Кейін балалар оларды мініп, үйренетін болады. Мәселен, Эластик есімді ағылшын-тракенен тұқымды тұлпарға зор үміт артып отырмыз.

Бұл жылқы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атағына ие болған. Мамандардың бағалауынша, сәйгүліктердің бағасы  600 мыңнан 2,4 миллион теңгеге дейін.