Шымкент қаласы бойынша экология департаменті, аудандық прокуратура органдарымен бірлесіп қала аумағында бей-берекет орналастырылған қалдық орындарын анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Әл-Фараби ауданы аумағында 9, Абай ауданы аумағында 5, Қаратау ауданы аумағында 9, Енбекші ауаны аумағында 16 координаттық нүктелерде бей-берекет қалдық орындары анықталды.
4 аудан әкімі аппаратының жауапты лауазымды тұлғалары ҚР «ӘҚБтК» 324 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда, осы анықталған қалдық орындары аудан әкімдіктері тарапынан тазалау, арнайы полигонға орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігімен «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰҚ» АҚ арасында қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтаудың ғарыштық түсірілім қызметін көрсету бойынша келісім-шарт жасалған.
Осы жасалған келісім-шартқа сәйкес облыстық маңызы бар қалаларының және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумағында, қала маңындағы 50км белдеуде, қалдықтарды бей-берекет орналастыру аландарын қашықтықтан анықтау, түсірілімдерін мамыр, шілде, қыркүйек айларында жүзеге асырады.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ы ғарыштық мониторингінің ағымдағы жылдың мамыр айындағы ақпаратына сәйкес, Шымкент қаласының аумағында бей-берекет қоқыс үйінділерінің 8 координаттық нүктелері анықталды.
Анықталған координаттық нүктелерге Шымкент қаласы бойынша экология Департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірге шығу, зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытқа дейін 8 координаттық нүктенің 3-еуі тазаланып, waste.gharysh.kz (геопортал) порталына енгізілді. Қалған нүктелер бойынша тазалау жұмыстары жалғастырылуда..
Мақпал Рысбаева