Шымкенттің бір топ тұрғыны сасық иістен құтыла алмай келеді

282
Шымкенттің бір топ тұрғыны сасық иістен құтыла алмай келеді

Шымкенттің бір топ тұрғыны қоқыс контейнеріне қатысты наразылықтарын білдірді. 8-шағынауданының тұрғындары көп қабатты үйлеріне тым жақын орнатылған қоқыс жәшіктерін басқа орынға көшіруді талап етеді. Ал қалдық таситын Спецавтотранспорт» серіктестігінің мамандары темір құтыларды көшіретін орын жоқ екенін алға тартады.

Шымкенттің бір топ тұрғыны сасық иістен құтыла алмай келеді

Қоқыс алаңшасының дәл түбінде тұратындар жаз бойы жағымсыз иістен көз ашпадық, тұрмыс қалдықтары былай тұрсын, осы төңіректі көлік тұрағына айналдырған таксишілер қоршалған алаңды әжетханаға айналдырған дейді. Мүңкіген иіс, әсіресе, көшенің басында орналасқан қоғамдық тамақтану мекемесінің қызметкерлері қалдықтарды тастағанда жайылып, дем алуға мүмкіндік жоқ дейді ашынған тұрғындар.

Шымкенттің бір топ тұрғыны сасық иістен құтыла алмай келеді

Тұрғындардың шағымымен «Спецавтотранспорт» мекемесінің осы аудандағы жауапты маманы таныс. Алайда оны шешуге қауқарсыз. Өйткені, қоқыс алаңшасын көшіруге бос жер жоқ.

Жауапты маманның мәлімдеуінше, қоғамдық тамақтану мекемесінің басшылығы төлемдерді кешіктірмейді. Алайда неліктен заңды тұлғалар өз аумағында қоқыс контейнерлерін орнатпайды деген сауалға кезекті рет жердің тапшылығын айтып ақталды.

8-шағынаудан тұрғындарын мазалаған тағы бір мәселе – жалға берілген коммерциялық ғимараттарда жезөкшеліктің етек жаюы. Рухани азғандарды тәртіпке шақыру өмірімізге қауіп төндіруде деп араша сұрауда.

Тұрғындар енді арыздарын жергілікті полиция қызметіне жолдамақ. Ашынған халық құқық қорғаушылар анық-қанығын анықтап, тәртіп орнататынына сенгісі келеді.