ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Шымкент қаласы бойынша экология департаментіндегі Адалдық алаңы жобалық кеңсесі филиалының 2020 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмысымен танысу үшін Шымкент Адалдық алаңының басшысы Қамбаров Жани, бірлестік ұйымдардың өкілдері және департамент қызметкерлері шақыртылды.
Шымкент қаласы бойынша «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобалық кеңсенің филиалы өз қызметін ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс атқарып келеді. Жобалық кеңсе Шымкент қаласы бойынша экология Департаменті ғимаратында 1 қабатында орналасқан. Азаматтардың кедергісіз қабылдау үшін, оларға консультативтік көмек көрсетуге барлық жағдайлар жасалынған. Бұл жобаның мақсаты — халықпен ашық және адал сұхбат құру, мемлекеттік органның қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи стандарттарды енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою.
Жобалық кеңсенің филиалының басшысы Айнабеков Нұрғали Мақашұлы Шымкент қаласының экология жағдайын жақсартуға белсенділік танытуда.
айтқанда «Жасыл патруль» ҚБ бірлесіп өндірістік аймақта тұратын елді мекендегі тұрғындармен кездесіп, кәсіпорындардың экологиялық заңбұзушылықтары жөнінде Департаментке мәліметтер жолдайды. Бұдан басқа қаладағы бей берекет тасталып жатқан қоқыстарды тазарту бойынша, жергілікті атқарушы органдарга хабарлап, оларды жоюға атсалысуда. Қаланың еріктілері мен белсенділерімен бірге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бекітілген экологияны жақсартуға бағытталған жол картасындағы іс-шараларды іске асыру үшін жұмыстар жасалып жоспарлануда.
Бүгінгі кездесудің мақсаты Шымкент Адалдық алаңынымен ортақ іс-шаралар жоспарын құрып, бірлесіп жұмыс атқару.