Úı Jańalyqtar «Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Шымкент әкімдігінің жұмысымен танысты

«Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Шымкент әкімдігінің жұмысымен танысты

 

«Ашық әкімдік» жобасының жұмысымен «Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов Шымкент қаласына сапары барысында танысты.

л Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен бірге азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарымен және қалалық әкімдікте қабылдаудың жүзеге асырылу барысымен, карантин жағдайындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты.

Іс-шара барысында әкім аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов қонақтарды Өтініштермен жұмыс жасау бөлімінің жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, аталған бөлім азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру мақсатында ашылған.
«Ашық әкімдікте» қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қабылдайтын 10 терезе жұмыс жасайды, (оның ішінде 1 терезе өзіне-өзі қызмет көрсету үшін арналған) «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай жерде мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Әкімдіктің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында 5 483 өтініш келіп түсіп, оларға тиісті жауаптар берілген.

онымен қатар, кездесу барысында әкімдіктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар жайы талқыланды.