Қалалық депутат «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшесі атанбақ

255

Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында белгілі болды. Аталған отырыста «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсенің басшысы Ерасыл Төлебаев қоғамды тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтан арылту, сондай-ақ халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

– «ASHYQ SAULET» жобасы аясында сәулет саласында 12 мемлекеттік қызмет цифрландырылды. Қазіргі таңда өтініштер онлайн қабылдануда;
-«MEKTEPKE JARDEM» жобасы – Шымкент қаласының мектептерінде білім басқармасымен бірлесіп демеушілік көмек пен меценаттыққа арналған «электрондық платформаның» жұмыс істеу процедурасын әзірлеу;

– «SMART PARKING» жобасы – бірыңғай қалалық тұрақ кеңістігін құру;
– «OPEN SPACE» жобасы мемлекеттік органдарда ашық кеңістік құру (5 әкімдік басқармасы және 4 аудандық полиция бөлімі);
– «FLEXIBLE SCHEDULE» жобасы түскі үзіліссіз қызмет көрсетуге мүмкіндік берген Жұмыспен қамту орталығындағы икемді кесте;
– «Integrity shop» жобасы және т.б.

Сонымен қатар, Жобалық кеңсенің құрамы таныстырылып, аталған кеңсенің құрамына қалалық мәслихат депутаттарынан бір депутатты қосу ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.