Арадан жарақат алған жеткіншек жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

301
фото Inform.kz

Шымкенттік дәрігерлер құрылыс арасынан ауыр жарақат алған жасөспірімді құтқарып қалды. 10 маусым күні облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр жарақат алған 15 жастағы жасөспірім жеткізілген.

Ақ халаттылар тексере келе жеткіншектің терең жарасы болғанын және геморрагиялық шок алғанын анықтап отыр. Науқасқа шұғыл түрде операциялық емдеу жүргізілген. Жеткіншекке тез арада қан құйылып, аяқтың пульсациясы қалпына келтірілді дейді дәрігерлер.

Мамандар қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр дейді. Науқас реанимация бөлімшесінен ангиохирургиялық бөлімшеге ауыстырылыпты. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ата-аналарды жазғы каникулда балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуға шақырады.

Мақпал Рысбаева