Túrkistan

 

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жыл сайынғы Жарлыққа қол қойды.

Осы шақырудың ерекшеліктерінің бірі әскерге қатарына шақыру, жүргізу мерзімдері болып табылады. Осымен 2020 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 312 Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу мерзімдері маусым айынан тамыз айына дейін ұзартылды, өйткені еліміздегі енгізілген төтенше жағдайдың әрекеті кезеңінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды.

Бұл ретте әскерге шақырылушалыр және Қарулы Күштерін жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияны енгізулін және таралуын ескерту, алдын алу шараларын күшейту мақсатында жиын (әскерге шақыру) пункттердің кіреберіс жерлерінде медициналық посттар (фильтрлар) орналастырылды. Жас буынды салтанатты шағарып салулар тоқтатылды. Қалалық медициналық комиссиялар құрамдарына дәрігер-инфекционисттер енгізілді.

Сонымен қатар шақырудың негізгі тапсырмасы әскерлерді денесі сау және моральды даярланған жастармен жасақтау болып табылады.

2020 жылы 1300 астам әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру жоспарланды.
Осы уақытта ҰҚК Шекара қызметіне әскерге жіберу аяқталып, Ұлттық ұланды жасақтау жоспарлы түрде жүргізілуде.

Әскерге шақырылушыларды іріктеудің айқындығы үшін, сонымен қатар әскерге шақыру комиссия құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді.
Көрсетілген комиссияның қабылданған шешімінің негізінде біздің жастар әскерге жолданады.

Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді. Мысалыға: Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін ІТ-мамандықтары, сонадай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлері және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойының параметрлері 170 см төмен емес сияқты әскерге шақырылушының дене бітімдері маңызды, спортшыларға талдау беріледі.

Алайда осымен бірге Қарулы Күштері музыканттарға, аспазшыларға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға мұқтаж.
Әскерге шақырылғаннан және әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Карантин кезінде жас буынға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерделеу, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық жүргізіледі.

Әскерге шақырылғандардың бөлігі 6 ай ішінде мынадай әскери мамандықтар бойынша оқуды өтеді: БТР, БМП, танк мехник-жүргізушісі, артиллериялық және миноатқыш қаруларының командирлері және көздеушілері, инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күштері оқу орталықтарында байланыс мамандары.
Оқу аяқталысымен олар мамандар ретінде әскери бөлімдерге жолданатын болады.

Бұдан басқа негізгі дағдылардың арасында әскер жас адамдарды тәртіпке, жауапкершілікке, өздігіне үйретеді және дене күшіне және шыдамдылыққа ие болады.
Әскерде берік достастық, бауырластық танылады, әскери қызметшілер тобпен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларда тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери қару-жарақты қолдануда, күрделі әскери техниканы пайдалуда техникалық дағдыларға ие болады.

Бұл ретте орта-техникалық немесе жоғары білім бар әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметтің 6 айын өткергеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге құқықтары бар. Атап айтқанда егер әскерге шақырылушы өзінің өмірін әскери қызметпен байланыстыруды жоспарласа, онда ол келісімшарт бойынша қызметке жарты жылдан кейін-ақ кіре алады!

Сондай-ақ шақыру кезінде азаматтар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға және босатуға құқықтары бар.

Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:
1) отбасы жағдайы бойынша;
2) білімін жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша;
4) басқа себептер бойынша, мысалы:
1) оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;
2) ауылды жерлердегі дәрігерлерге;
3) олардың құзірет мерзімдеріне Парламент немесе жергілікті уәкілетті органдардың депутаттарына;

4) тергеу астындағы тұлғаларға;
5) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелері, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне;
6) кеме экипаждарының мүшелеріне;
7) құқыққорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.
Маңызы аз емес жаңалықтың бірі мерзімін кейінге қалдыруға құқықығы бар әскерге шақырылушылардың санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда мерзімін кейінге қалдыру енді қосымша беріледі:
– оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;
– құқыққорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінде және Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді.

Қорғаныс министрлігінің сенім телефоны:
8 (7172) – 54 – 19 – 25, Call-center 72 – 15 – 11 .
ҚІЖД Call-center 55-81-29, 54-95-88

Кеңесті Қорғаныс министрлігінің сайтындағы телефондар арқылы алса болады.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударылады. Ұдайы негізде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесе отырып әскери ұжымда салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне бақылау жүргізіледі. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәщіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездедіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түседі.

Казарманың (жатын-орын) әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалар туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі.