Елімізде балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны төмендеген. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері мәлімдеп отыр. Қазіргі уақытта елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелет жасына дейінгі 23 000-нан астам бала бар. Бір қуантарлығы, олардың 19 000-нан астамы жаңа отбасын тауып үлгерген.

Дулат Жекебаев, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы: «Нәтижесінде, балалар үйлерінің жалпы саны төмендегені байқалады. Ол 10 жыл ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 70 пайызға, 14 000-нан 4193-ке дейін қысқарды. Бұл ретте балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін, яғни 52 пайызға қысқарды».

Ал өкініштісі, жылына 1000-нан астам қазақстандық ата-ана құқығынан айырылады екен. Баласын бауырына басу құқығынан айырылғандардың басым бөлігі маскүнемдер.

Меруерт Ахан