«Өзінің орнына өзгені жіберген». Түркістан облысында Ұлттық біліктілік тестін тапсырған мұғалімдер сынаққа өзінің орнына біреуді жұмсап, тіпті жалған жеке куәлік көрсеткені анықталып отыр.

Тест кезінде осындай 6 дерек әшкереленді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн-конференция кезінде мәлім болды. Қазір осы іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Ұлттық біліктілік тестін тапсыру кезінде карантин талаптары да бұзылған. Салаға жауаптылар маскалық режим, 2 метрлік арақашықтықты сақтау, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу сияқты ережелерге шекеден қарайтындар азаяр емес дейді.

Мақпал Рысбаева