138 медицина қызметкері дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан

169

Қазақстанда 138 медицина қызметкері дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан. Бұл туралы Ішкі істер министрі ел президентіне баяндады.

5 шілдеден бастап рейдтік жұмысты көбейткен пагондылар осы уақытқа дейін 18 мың рет тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде дәріні заңсыз әрі қымбаттатып сатқандар анықталған.

Мұндай көлеңкелі іс әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында анықталған. Енді 65 мыңнан астам дәрі, жарты миллион маска мен 36 мың медициналық бұйым аумақтағы денсаулық сақтау орталықтарына таратылады деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Назерке Үкібасова