Тұран ауданы: Заңсыз саудамен күрес жалғасуда

40

 

Шымкент қаласына қарасты Тұран ауданының аумағында 6 базар және 11 сауда орталықтар орналасқан. Бүгінгі күнге дейін, Тұран аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан аудан базарлары айналасындағы ретсіз сауда орындарын жою бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Мұның барлығы да қаланың дамуы үшін, көркем келбетіне сын түспеуі үшін жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы.

Мәселен, «Жабық» базары айналасындағы ретсіз сауда орындарында заңсыздықты жою, тоқтату мақсатында ретсіз сауда иелерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Кремль көшесінде бос жер қоршалып, сауда қатарлары көшірілді. Көшеде сауда жасаушылар көбіне айналаны ластап, қоқысты үйіп кететіні белгілі. Осындай ластықты жою үшін тазалық мекемелері тарапынан тазалау шаралары да ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

Бұдан бөлек, «Автонұр» базарының жанында, Мақталы көшесінің бойында заңсыз сауда жасауына тосқауыл қою мақсатында заңсыз автотұрақ жойылды. Сауда қатарларында тамақ өнімдерін саудалайтын тұлғаларға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сала мамандарымен апта сайын рейдтік іс-шаралары жүргізіліп, заңға сәйкес шара қолданылуда.

2023 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Шымкент ҚПД Тұран аудандық полиция басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес, белгілінбеген орында ретсіз сауда жасағаны үшін 206 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде, 154 тұлғаға ескерту беріліп, 52 тұлғаға айыппұл салынған. алдағы уақытта қайталанған жағдайда шара көрілетіндігі қатаң ескертілді.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудандық полиция басқармасының өкілдері ретсіз сауда жасайтын тұлғаларға күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес шара көрілетіндігі ескертілуде.