«Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды». Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова осылай деді.
Министрдің орынбасары коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделмеуге шақырды. Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес бактерияға қарсы препараттар стационарларда жатқан науқастарға ғана беріледі.
Людмила Бюрабекова, Денсаулық сақтау вице-министрі: «Бактериалды инфекция анықталып, пневмония расталған жағдайда ғана беріледі. Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды».
Мақпал Рысбаева