Ойынхана мен мейрамхана түн жарымына дейін жұмыс істеген

135

 

Шымкентте ойынхана мен мейрамханалар карантин шектеулеріне қарамастан бей уақытта жұмыс істеген. Рейд шараларын ұйымдастырған Полиция департаменті өкілдері 22:35 шамасында қаладағы Дулати көшесі №122 үйде орналасқан «Ықылас» кафесінің жұмыс жасап жатқанын анықтаған.

Сондай-ақ, полицейлер Сайрам көшесі бойында орналасқан «Сұлтан» дәмханасына кіріп, онда бір топ азаматтың тамақтанып отырғанын әшкерелеген. Бұл уақытта Сайрам көшесінің бойында орналасқан «КИНГ ХАУС» ғимаратындағы компьютерлік ойынхананың жұмыс істеп тұрғаны да анықталды.

Карантин ережелерін пысқырмаған бизнес өкілдеріне жергілікті аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары өкілдері шара көретін болады.

Мақпал Рысбаева