Пандемия басталғалы бері елімізде 18 медициналық қызметкер қайтыс болған. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
Айтуынша, бұл жағдайлардың бәрі бірдей КВИ-мен байланысты емес. Инфекция өршіген тұста қайтыс болған ақ халаттылардың арасында COVID-19 ауруын жұқтырғандарға көмек көрсеткендер де бар болып шықты. Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 11,5 пайызын медициналық қызметкерлер құрап отыр.
Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері: «Ондай қайғылы оқиғаның 18 жағдайы тіркелді. Тағы 492 медқызметкер пневмониямен ауырған. 511 медициналық қызметкер емін жалғастыруда».
Мақпал Рысбаева