Қауіпті індеттен қаза болғандар ұмытылмайды

339

Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні қоғамдық ұйымдардың өкілдері Шымкентегі Абай саябағындағы Даңқ мемориалы алдында жиналып, коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алды.

Семей полигонында әскери борышын өтеген, Чернобыльдағы апатта ерлік көрсеткен азаматтар қауіпті індеттен қаза болған жерлестерін ұмытпайтындарын жеткізді.

Ахмет Наурызбаев, қала тұрғыны: «Коронавирус инфекциясынан қаншама қазақстандықтар қаза болды. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын. Қалғандарымызға Алла Тағала  денсаулық берсін, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын».
Михаил Ермаков, Чернобыльшылар Одағы  төрағасының орынбасары: «Мен мұнда  жүрегімнің қалауымен келдім. Он күнде  аурудан қайтыс болған үш жолдасымды  еске алуға келдім. Иманды болсын. Жандары жәннәтта болсын».

Шынар Оразова

 

.