Шұңқырға құлаған сиырды құтқарушылар құтқарып алды

331

 

Қаратау ауданының тұрғынынан 2020 жылғы 20 шілдеде «112» құтқару қызметіне сағат 12.01-де хабарлама келіп түсті. Хабарласқан азаматшаның мәліметі бойынша Қайнар бұлақ саяжайы, Вишневая көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласындағы шұңқырға сиыр түсіп кеткен екен.

Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының жеке құрамында 5 құтқарушы, Өрт сөндіру қызметінің 2 қызметкері және 1 арнайы автокөлігімен оқиға орнына сағат 12.50-де жетіп келді.

Құтқарушылар альпинисттік құрылғылармен және арнайы көліктің көмегімен сиырды құтқару операциясын жүргізді. Бір жарым сағатқа созылған жұмыстардың нәтижесінде сиырды шұнқырдан шығарып алды.