Қария кісі өкпесінің екі жақты пневманиясымен жансақтау бөлімінде емделген болатын.

90 жастағы қала тұрғыны ауыр халде кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің зақымданғанын анықтап, екі жақты пневмония диагнозын қойған. Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Мұнда науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 28 шілде күні ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлер 90 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы дейді. Ал әжей медицина мамандарына алғысын білдіріп, батасын берді.