Көшеде самокатпен жүрген 77 жастағы әжейге жұрт тәнті болды

1123

Самокатқа мініп, қала көшелерінде серуендеген әжейге жұрт риза болды. Оның видеосын TikTok қолданушысы парақшасында жирялады.

Автор әжейдің немересі болуы мүмкін, себебі парақшасында зейнеткердің өзге де бейнежазбаларын көруге болады. Айтпақшы, әжейдің есімі – Ырысалды, 77 жаста екен.

Видеодан жас жігіт әжесіне самокатқа мініп, серуендеуін сұрайды. Алайды зейнеткер ұят екенін айтып, алғашында бас тартады.

«Келсеңізші… Жүріңіз, ұят емес»,-дейді әжейдің немересі. 

Ырысалды апа күлкіге ерік беріп, немересінің өтінішін орындайды. Содан екеуі бір самокатқа мініп, жаяу жүргіншілер жолағынан өте сала орталық саябақ ішіне қарай бет алады.

Видеоны көрген желі қолданушылары әжейге көтеріңкі көңіл сыйлаған немерелеріне алғыс айтып, позитивті зейнеткерге ұзақ ғұмыр тіледі.

«Құлатып қоя ма деп қорыққаным-ай. Күлкісіне қарап, өзімнің де көңілім көтеріліп қалды», «Апа, жарайсыз! Позитивті, өте қайсар екен», «Әжей еш қорықпастан міне салды. Денсаулығы мықты болсын», «Жаным, апа-ау», «100 жасаңыз», «Әжеміздің күлкісі сәби баладай», «Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Әженің бір қуанттыңыздар. Керемет», «Қандай керемет, балаша рахаттанып күліп тұр» деп жазды желі қолданушылары.