Түркістанға 1,5 млн-нан астам құты дәрі әкелінді

182

 

Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді. Олардың арасында «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 млн 420 мың құты, «Дексаметазон инъекцияға арналған ампулалары» – 100 мың дана, «Аспарин» – 30 мың құты.

Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, сондай-ақ, қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.

«Бүгін көршілес мемлекеттен облыстағы науқастарға пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келіп отыр. Бұл облыстағы медициналық ұйымдарға, қалғаны дәріханаларға таратылатын болады. Келген жүк 2 айға дейін облыстағы науқастарға жетеді. Алдағы апта Туркия елінен қосымша тағы дәрі-дәрмек қоры келеді. Жалпы облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн қаражат бөлініп отыр», — деді басқарма басшысы Марат Орынбасарұлы.