2020 жылдың тамыз айының 19-28 аралығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алу үшін төлем қабілеттілігін растаған азаматтардан өтініш пен құжаттар қабылданады.
Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Нысан бойынша өтініш;
2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
3. Соңғы 6 (алты) ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
4. Жұмыс орнынан анықтама (кезектегілерді қоспағанда);
5.Қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты.
Өтініштер мен құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы, Республика даңғылы , №12а.