Шымкент қаласы аумағында 1 қыркүйекте күзгі кезеңдегі жануарларының энзоотиялық аурулардың (кенеге қарсы) алдын алу жұмыстары басталған болатын.

Бүгінге дейін 16 968 бас ірі қара малға сұйық дәрілер бүркіліп, 397 773 шаршы метр қора-жайлар мен оларға жапсарлас аумақтар залалсыздандырылған.

Аталған жұмыстарға 6 бригададан құралған 18 дезинфектор маман жұмылдырылды. Олар бүркуіш ранц аппараттарымен жабдықталған.

Энзоотикалық жұмыстар 15 қазанға дейін жалғасатын болады.