Шымкентте ұрланған мал GPS арқылы табылды

39
фото Шымкент полиция

Тұран АПБ-ның “102” арнасына  мал ұрлығы туралы хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол жайылымға 13 қой жіберіп, біраз уақыттан кейін оралғанда үш бас малы жоғалғанын білген.

Аталған арыз негізінде полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы бойынша тергеуді бастады. Мал ұрысын анықтауға жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер жұмылдырылды.

Ұрланған жануарлар иесі бұрын солардың біріне орнатқан GPS құрылғысының көмегімен табылды. Қойлар жеке үйдің ауласынан тәркіленді, үй иесі оның танысы малға қарай тұруды сұрағанын айтты. Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Белгілі болғандай, иесіз жайылып жүрген малды байқаған қаскүнем көлігіне бірнеше қой салып алып, ізін суытқан. Қазір ұсталғанға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Құқық қорғау органдары ауылшаруашылық жануарларына  қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін GPS құрылғыларын орнатуды ұсынады және бұл мал ұрлығымен күресудің тиімді әдістерінің бірі екенін еске салады.