Жылу маусымына дайындық 90 пайызға орындалды

74

Шымкентте жылу беру маусымына дайындық жұмыстары 90 пайызға орындалды дейді «Қуатжылуорталық -3» мекемесінің басшылығы.

Жоспар бойынша биыл тозығы жеткен магистралды құбырлар, 11 қазандықтың барлығы ағымдағы жөндеуден өткен. Сонымен қатар, қала аумағындағы 17 сорғыш стансасының 12-сіне жөндеу жұмыстары қолға алынып, 5-уі реконструкциядан өтуде. «Қарасу» шағынауданындағы «Амангелді» сорғыш станциясында жабдықтар жаңалануда. 25-ші шілдеде бастау алған жұмыс барысында ескірген сорғыш жабдықтары алмастырылып, 6 ысырма жаңаланады.

Бақытжан Назарбеков, мердігер мекеменің басшысы: «Бізге «Қуатжылуорталық-3″ мекемесінің басшылығы демонтаж жасауға рұқсат бермей отыр. Жаңа жабдық келген бойда бір аптада орнатамыз… Келісімшартта неміс жабдығы 60 күнде жеткізілуі тиіс».

Шынар Оразова